Біздің балалар әлемі - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы

Отбасыммен бірге оқимын

«Отбасыммен бірге оқимын» отбасылық кітап оқу сайысына қатысушылар Мұхтарова Айдана ұлы Ерсайынмен.

Бала жанды балалар жазушысы

Kulmai CembaievaKezdesuБүгін А.С. Пушкин атындағы кітапханада балалар жазушысы, ақын, ұстаз, жерлесіміз Күлмай Сембаевамен қызықты кездесу өтті. Кездесуге "Шығыс Балдырған" балабақшасының мектепалды даярлық топ балақандары өз ата-аналарымен, педагогтарымен келді.

Kulmai Cembaieva kitapКүлмай апай балақандардың сұрақтарына жауап беріп, өз өмірі, шығармашылығы жайлы әңгіме айтты. Ақынның жаңа шығармалары таныстырылды.

Kulmai Cembaieva2Балақандар ақынның әр түрлі тақырыптағы: "Менің елім", "Үй жануарлары", "Құстар", Күн кестесі", "Бос уақытта" т.б өлең, тақпақтарын жатқа оқыды.

Кітапхана мамандары "Бұзау мен маса" өлеңінен көрініс қойды.

"Шығыс-Балдырған" балабақшасының директоры Орақбаева Фарида Сейтханқызы кітапхана ұжымына әсерлі кездесу үшін ризашылығын айтты. Немересін әкелген ақ жаулықты әже өз батасын берді.

Күлмай апайымыздың шығармашылығына табыс тілей отырып, алғыс айтамыз. Ақын жерлесіміз әліде балақандарды қызықты, жаңа шығармаларымен қуантатынына сенімдіміз!

 

Бірге журнал оқиық!

Bala BI 9 10 21Журнал "Bala Bi" №9. 10/2021
Қадірлі оқырман қауым, балаларға арналған "Bala Bi" журналын ұсынамыз.
"Бала би" журналының №9 санында Рима Мәндібаеваның "Атандым Мұқан палуан бала жастан" мақаласын ұсынамыз. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жас ұрпағы сол қазақ елінің маңдайына жарқырап біткен, ел мақтанышына айналғвн ерлердің есімін қастерлеп, жадында мәңгі сақтауы тиіс. Сондай мақтан ететін халқымыздың ұлы перзенті, есімі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз боп тараған - Қажымұқан Мұңайтпасұлы.
Ертегіге құмар балаларға "Bala Bi" журналының №10 санында журналист, ақын Серік Жетпісқалиевтің "Көзілдіріксіз көжек" ертегісін ұсынамыз.
Соны мен қатар, Джеймс Гринвудтың "Өгей бала" повесін оқи бастаған балаларға осы екі журналда басылып шыққан повестің жалғасын ұсынамыз.
Ой-пікірлеріңмен бөлісе жүріңдер, балалар!
"Bala Bi" журналын ойнай оқып - оңай білім аларсың, балақай!
А.С. Пушкин кітапханасында қызықты, тартымды балаларға арналған көөп кітап, газет-журналдар сендерді күтүде, балалар! Біз сендерді күтеміз! http://pushkinlibrary.kz/ru/servise/sedd.html

Журнал "Балалар әлемі" №9/2021 ж.

Balalar alemi 09Журнал "Балалар әлемі" №9/2021 ж.
Қадірлі балақайлар!
Сендерге өте қызықты да тартымды "Балалар әлемі" журналын ұсынамын!
Балаларға арналған "Балалар әлемі" журналдың бұл санында: "Жануарлар әлемі" айдарынан тек Африкада кезіктіретін зебра жануары тұралы қызықтыратын мәліметтермен танысуға болады.
"Спорт" айдарына назар аударған балаларға садақ тарихы тұралы жазылған. Садақ ату - мергендік спортының бір түрі.
Балалар, садақ ату ойыны Олимпиада ойындарының тізіміне қай жылы кіргенін білесіңдер ме? Мерген болам деген ой болса - ең бірінші А.С. Пушкин атындағы кітапханаға келіп, "Балалар әлемі" журналының "№09 /2021ж. санын оқуға шақырамыз!
Егер "Балалар әлемі" журналы қызықтыратын болса, кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы оқи аласыңдар. Және де кітапханадан алып оқуға болады. Біз сендерді күтеміз!

http://pushkinlibrary.kz/ru/servise/sedd.html

#ПушкинКітапханасы #БіргеОқимыз #ҚызықтыМәліметтер #ШипалыӨсімдіктер #ЖануарларӘлемі #Әңгіме #Сөзжұмбақ #Әзілоспақ #Спорт #КвестОйыны

Ата-аналарға психологиялық кеңес

Psiholog2Psiholog1Баланың жеке басы көбінесе ата-аналармен өзара әрекеттесу кезінде қалыптасады. Бұл жерде әңіме тек балаға деген махаббат, тәрбие және сапалы бірлескен ойын-сауық туралы ғана емес. Жас ұрпақ ата-аналардан мінез-құлық үлгілерін және қарым-қатынас заңдылықтарын көріп өседі. Балалары оларды үлгі тұтатын ересектер үшін адамның жеке тұлғасын қалыптастыратын процестерге аса мән берулері керек. Бала ата-ананың мінез-құлқын, іс-қимылын, түрлі қиындықтардан жола таба білетін Psiholog3білімпаздығын көріп өсіп, кейін өз іс-тәжірибелерінде, өмірлерінде қолданатын болады. Егер балалардың көз алдында айналасындағы әлемді қызығушылықпен қабылдай алатын сенімді адамның (ата-анасының) бейнесін көріп өсетін болса, онда бала да өзін солай ұстайтын болады.

Біздің кітапханада ата-аналар тәжірибелі психологтың тегін кеңесіне жүгініп, бала тәрбиесіндегі көптеген түйткілді мәселелерді шешуге көмектесетін кітаптар ала алады.

#Pushkinlibrary#БиблиотекаПушкина#КнигиПсихология#ДетиПсихология#ДетскийСектор#ПсихологРодителям

http://pushkinlibrary.kz/ru/servise/sedd.html