Біздің балалар әлемі - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы

«Бір бірімізді кітап арқылы танимыз!»: балалар мен ересектерге арналған VI халықаралық оқырмандар форумы

Telemoct 1

24 қараша күні «Ресей Казахстан. Шексіз оқулар». Жобасы аясында ұйымдастырылған балалар мен ересектерге арналған «Узнаем друг друга! Книгами!» VI халықаралық оқырмандар форумы өз жұмысын аяқтады.
«Ресей Казахстан. Шексіз оқулар» халықаралық жобасы 2014 жылы бастау алған болатын. Алты жыл ішінде үлкен және маңызды жұмыстар атқарылды. Шемонаиха ауданында балалар кітабының халықаралық орталығы ашылды, оның оқырмандары жыл сайын Ресейдің балалар жазушылары мен баспаларынан жаңа кітаптарды тағатсыздана күтеді. Біздің кітапханашылар Ленинград облыстық балалар кітапханасымен (ЛОДБ) және Пушкин үйімен ынтымақтастықта "отбасылық оқудың антропологиясы" зерттеулеріне қатысып, Шығыс Қазақстан оқырмандарының тәжірибесін Санкт-Петербургтегі халықаралық конференцияларда ұсынды. Ленинград облыстық балалар кітапханасымен ынтымақтастық аясында Сергей Махотин, Лариса Романовская, Мария Семенова, Евгений Рудашевский сияқты ресейлік жазушылармен кездесулер өткіздік.

Толығырақ...

Пушкин кітапханасындағы виртуалды қосымша көмек

Virt prodlenka kazВиртуалды қосымша көмек – мектептегі қосымша тапсырмалар: кластер, эссе, реферат, жоба, шығармашылық жұмыс және т.б. бойынша ақпарат іздеуге көмектеседі. Тапсырыстар 5-9 сынып оқушылары, ата-аналар мен ұстаздардан да қабылданады.

ВИРТУАЛДЫ ҚОСЫМША КӨМЕК ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
- Қосымша көмек дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00 -18.00 дейін жұмыс істейді.
- Тапсырысты This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жібересіздер;
- Оқушының үй тапсырмасының нақты тақырыбы бойынша Сіздің өтініміңізге кітапхана қызметкерлері қажетті әдебиеттер, газет пен журналдардан алынған материалдарды, интернет-ресурстарды іріктеп, жібереді.
- Виртуалды қосымша көмек - кітапхананың ақысыз қызметі.

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
- Әдебиеттер тізімі;
- Ақпаратты өз бетімен алу үшін Интернет желісіндегі дереккөзге сілтемелер тізімі;
- Сандық нұсқаға көшірілген кітап көшірмесінің 30% немесе мерзімді басылымнан алынған мақаланың толық нұсқасы;
- Жауап электронды поштаға жіберіледі
- Орындау уақыты тапсырыстың күрделілігіне байланысты.

Кітапханашылар баланың үй тапсырмасы үшін алған бағасына
жауап бермейді.

ВИРТУАЛДЫ ҚОСЫМША КӨМЕК НЕНІ ОРЫНДАМАЙДЫ?
- реферат пен шығарма жазбайды;
- мектеп жобаларын жасамайды;
- математика, физика, химия және т.б. пәндер бойынша есеп шығармайды.

Пушкин кітапханасы Виртуалды қосымша көмек қызметін ұсына отырып, оқуда сәттілік тілейді!

Журнал "Ақ желкен"

Ak jelkenҚұрметті оқырман қауым, сіздердің назарларыңызға "Ақ желкен" - жасөспірімдерге арналған республикалық журналының жаңа санын ұсынамыз

Айына бір рет шығады. Журналда тарихи, ғылым-танымдық, тәрбиелік мәні мол мақалалар, сондай-ақ талапкер жасөспірімдердің — мектеп оқушыларының өлең-жырлары, әңгіме, хикаяттары ұдайы жарияланады.

Журналдың жаңа санында:

- Ата-ана бұрышы.
"Өртелген күшік, соқыр мысық..." Балжан Мұратқызының жануарларды қорғау ата-аналардаң балалар тәрбиесінен басталуынан, жануарлар жарақат алғаннан бұрын, қараусыз, ас-сусыз, күтімсіз қалдырғаны үшін де жауапқа тартылу керек екенін жазады.

Ak jelken3- Алаңдатқан мәселе.

 

"Бала өзінің ұлттық тіліне сай жазып, оқуы керек."
Бұрынғы әліппеміз бен әліпбиіміз қандай еді?
Оның тарихы қаншалық терең?

Ak jelken2- Оқулыққа қосымша.
"Әл-Фарабби және Дешті-Қыпшақ." Кез келген адамның бойында ұлтынан шыққан ұлы тұлғаларды мақтан тұту қасиеті бар. Қай халық, қай ұлт болса да әлемдік ойшыларды өзімізге жақындатқымыз келіп тұрады. Шыңғысханды қазақ деп дәлелдегіміз келеді. Достоевскийдің түбі түркі дейміз. А. Ахматованың аталары Алтын ордадан кеткенін айтамыз. Дәл осындай негізде әл-Фараби бабамызбен де мақтана түсеміз. Оның ұлы ойшылдығын, асқан ғалымдығын айта келіп, түбі өзіміздің. Отырардан екенін қосып қоямыз. Оның түп-тамырының біздің даладан екеніне дау жоқ. Бірақ оның ана тілінде жазылған еңбектері бар ма? Осы сұрақ пен т.б. сұрақтарға жауап филология ғылымдарының докторы, доцент, қыпшақ тілінің зерттеушісі Боранбаев Сандыбай Режепұлының сұхбатынан білерсіздер.

Ерен Шайхыстан, өнертапқыштың әңгімесі:
Пандемия кезінде "Сабынқұйғыш" құрылғысын жасап шықтым. Білім инновация лицейінің 11 сынып оқушысы.

- "Ак желкеннің" поштасынан. Талай талантты түлеткен Абай атындағы РММИ-де үздіктер қатары үзілген емес. Қазір де халықаралық, республикалық байқауларда топ жарып, жұртты сүйсіндірген дарынды оқушылар баршылық. "Абайдың қара сөздерін жатқа білетін Ұлдана.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбжан, жас ақын, С. Жиенбаев атындағы облыстық жас өспірімдер кітапханасының оқырманы "Абаймен сырласу" өлеңін Абай Құнанбайұлының 175 жыл мерейтойына арнап шығарған өлеңімен танысасыздар.

- Жас қалам.
"Қос бәйтерек- құдіреттің айнасы" ( Абай мен Шәкәрім рұхына), және де басқа көптеген суреткерлермен, ақындардың өлеңдері, әңгімелері, естеліктері топтастырылған.
Егер журнал ұнаса, онда кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы кітапты оқи аласыз.

http://pushkinlibrary.kz/ru/servise/sedd.html

#БиблиотекаПушкина #ПушкинКітапханасы #PushkinLibrary #БізБіргеміз #БіргеОқимыз #ЧитаемВместе #ЦентрЗнаний #ЖурналАқЖелкен #Жазушы #Әңгімелер #Проза #Әдебиет #Абай175жыл #ЖұбанМолдағалиев100жыл #ӘлФараби1150жыл 

"Ертегілер әлемінде. В мире сказок" республикалық балалар журналы

Құрметті оқырман қауым!
Ертегі сүйер бүлдіршіндерді ертегілер әлеміне шақырамыз! 
Ертегілер адам санасын оятады, онда халық даналығы тұнық күйінде сақталған.

ertegi alemi1ertegi alemiОрыс-қазақ тілдерінде шығарылған журнал "В мире сказок. Ертегілер әлемінде" түрлі-түсті әсем суреттермен безендірілген, үлкен әріптермен жазылған, өте жеңіл оқылады.

Құрметті оқырман қауым, демалыста әдемі ертегілер әлеміне саяхат жасайтын болсаңыздар, онда кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы оқи аласыздар. Біз сіздерден тапсырыстар күтеміз!

http://pushkinlibrary.kz/kz/servise/seddkz.html

#PushkinLibrary #БізБіргеміз #БіргеОқимыз #БілімОрталығы #ЖурналЕртегілерӘлемінде #ЕртегілеӘлемі #ПатшаныңҚояндары #ҚоянМенТасбақа

"Айтшы, әжетай" журналы

AjetaiAjetai1А.С. Пушкин атындағы кітапханасынан кішкентай бүлдіршіндерге арналған "Айтшы, әжетай" журналын ұсынамыз!

Елордадан шығатын «Айтшы, әжетай» балалар журналының негізгі тақырыптық бағыты-тәрбиелік және әдеби-танымдық.. Мақсатты аудиториясы – бастауыш сынып оқушылары.

Осы номерде оқитындарыңыз:
Оқушы қаламынан.
- Әдеп сабағы.
- Балаларға базарлық.
- Музейге саяхат.
- Жеті жұрттың тілін біл.

Әртүрлі қызық ертегі-жұмбақтар мен өлеңдер! Келіңіздер кітапханаға, оқыңыздар!!!

http://pushkinlibrary.kz/ru/servise/sedd.html

#ПушкинКітапханасы #PushkinLibrary #БізБіргеміз #БіргеОқимыз #ЖурналАйтшыӘжетай #Абай175