Біздің балалар әлемі - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы

Алабұға аулаған күн

Alabuga1      Alabuga

Авторы: Қалиолдаева Инабат Жандосқызы 10 жаста, 4 сынып оқушысы, Күршім ауданы, «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ

Жетекшісі: Закариянова Зайнигуль Кизатовна

#БірелБіркітап #ПушкинКітапханасы #АлабұғаАулағанКүн #ТолымбекӘбдірайым #БіргеОқимыз #СуретСайысы

Балапан баққан Батыр

Balapan bakkan batyrIngu1

Авторы: Мұратбек Інжу 3-ші сынып оқушысы.
№1 Марқакөл орта мектебі
Т. Әбдірайымның "Алабұға аулаған күн" кітабындағы «Балапан баққан Батыр» атты әңгімесі бойынша салынған сурет.

Мен бұл суретті Батыр деген бала туралы әңгіме бойынша салдым. Бірде Батырдың көкесі үйректің сегіз кішкентай балапанын алып келді. Оларды қызықтаудан жалықпайтын Батыр. – Балапандар үлкейгенше өзім бағам. Ешкімге тиіскізбеймін, – дейді. Оған көкесі разы болып: өсті деген осы... Сөзіңде тұрсаң, күзде велосипед сатып әперемін, – дейді.

Ingu2Төрт жастағы Батырды бұл сөз қатты қуантады. Ертеден кешке дейін балапандарға қарап, үйден ұзамайтын болады. Бірақ бір күні ұмытып, достарына қосылып, екі-үш сағат ойнап кетеді. Кенет балапандары есіне түсіп, үйге қарай жүгіреді. Ол анадайдан байқады, көршінің көк күшігі балапандарды қуып жүр. Аяқтары қысқа кішкентай балапандар шиқ-шиқ етіп қашады. Кет былай! Тиіспе!.. – деп айқайлап, жүгіріп келеді Батыр.
Көк күшік сол мезет бір балапанды бас салып жеп қояды. Батыр қатты жылап. «Бәлем... сені мен... кө-ке-ме айтып-п... ұрғызбасам-м...» – дейді өксігін баса алмай. Осы сәтте мамасы шығып: «Балам-ау, не болды. Біреу тиісті ме?» дейді. Сол кезде Батыр болған жайды мамасына айтып береді. «Қой, құлыным, жылама! Балапанды аяған, жаны ашыған жүрегіңнен айналдым» дейді анасы.

#БірелБіркітап #ПушкинКітапханасы #АлабұғаАулағанКүн #ТолымбекӘбдірайым #БіргеОқимыз #СуретСайысы

Сурет сайысы

TurgambaevaАвторы: Тұрғанбаева Айымгүл
Өскемен қаласы, №45 орта мектебі
Толымбек Әбдірайымның "Алабұға аулаған күн" атты кітабындағы "Тұнжыр" повесі бойынша салынған сурет.


"Тұнжыр" повесі анасынан айрылған Рауан атты жетім бала туралы. Айдың, күннің аманында Рауан үйінен кетіп, кезбе атанды. Неге кетті? Оған себеп не? Оның достары, ата-әжесі, ата-анасы, жалпы Рауанның өзі қандай бала еді? Белгілі балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Тұнжыр» хикаяты, осынау сауалдарға жауап іздейді. Шығарма жас өркен жан дүниесіне әсер етерлік қызықты, балаға тән іс-әрекеттерімен оқырманын бірден баурап алады.

Сайыскерлер жұмысы

Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» кітабы бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық суреттер байқауына жіберілген жұмыстар. 

   ШАУКАТОВА МИХРИБАН Бескарагай ауданы Башкуль ауылы Башкөл орта мектебінің 3 сынып оқушысы. Сыныпта оқу озаты. Михрибан сурет салғанды ұнатады. Суретті кез келген бояу түрімен сала алады. Салған суреттері өте тартымды, көркем, әсем болып шығады. Сондай ақ математика, дене шыныктыру сабақтарын жақсы көреді.

Bekar2  Beskar1

Сайыскерлердің жұмысы

Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» атты кітабы бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық суреттер байқауына жіберген сайыскерлердің суреттері. 

Сайыскер: Мұратұлы Ерзат, 10 жас. "Ақбұлақ негізгі орта мектебі" КММ, 5 сынып.
Жетекшісі: Мырзанова Шырын Мұратқызы

Akbulak1    Akbulak3  Akbulak2