Біздің балалар әлемі - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы

Журнал "Айгөлек" № 3/2021

аigolekҚайырлы күн, кішкентай оқушылар. Біз сендерге арналған қызықты, танымдық. "Айгөлек" журналын ұсынамыз!

"Айгөлек" - 21-ғасыр балаларының ой-сана, қызығушылық, талап-талпынысы толық ескерілетін басылым. Осы журналда "Қазақ тану" айдарынан қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі аса бай екенін, оның көркем әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алғанын оқисыңдар. Қазақ киімдернің сүретін көріп, тарихын танып, есте сақтап жүріңдер, балақайлар! Және де, "Қазағымның дастарханы-ай" айдарынан қазақ ұлттық тағамдарымен танысасыңдар.
Балалар, "Айгөлек" журналы қызықтыратын болса, онда кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы оқи аласыздар. Біз сіздерден тапсырыстар күтеміз.

http://irbis.pushkinlibrary.kz:8087/jirbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=115&lang=ru

#Айгөлек #Балаларжурналы #Балалароқуынқолдаужылы #Балаларәдебиеті

"Балдырған" журналы, №3/2021 ж.

BaldurganҚұрметті оқушылар! Бүлдіршіндер мен сәбилерге арналған "Балдырған" журналын ұсынамыз!

Журналдың осы санынан:Baldurgan3 Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл!
Тәуелсіздік шежіресімен танысып, оны жаттап алұға да болады.
Биыл 80 жасқа келіп отырған белгілі жазушы Ұзақбай Доспанбетов аталарыңның сендерге арнап жазған хатын оқисыңдар. Жазушы Ұзақбай аталарыңа хат жазып, құттықтап, ризалықтарыңды білдірүді ұмытпағайсыңдар, балалар!

Ал күй аңыздарымен сендерді Серікбай Оспанұлы қызықтырады.
Ән сүйер балаларға осы жұрналда "Құлпырады қыр төсі" әнді оқып жаттауға болады.
Және "Балдырғанның" сурет галереясын тамашалайсыңдар.

Baldurgan4

Балаллар, судың бетіне ұя салатын құс болады екен. Оны білесіңдер ме? Білмесеңдер, осы журналды оқуға асығыңдар!
"Балдырған" журналында қызықты, тартымды тақырыптар көп: ертегілер, өлеңдер, әңгімелер, логогрифтер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.

Балалар, "Балдырған" журналын кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы оқи аласыздар. Біз сіздерден тапсырыстар күтеміз.

 

Балалар кітабының апталығы

den 17den 6

Жыл сайын 2 сәуірде дат ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күнінде атап өтілетін Халықаралық Балалар кітабы күні қарсаңында кітапханада Балалар кітабы апталығы өтті.
Халықаралық Балалар кітабы күні «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі жанында Г.Х. Андерсен ертегілерінің желісі бойынша театрландырылған қойылыммен мерекенің салтанатты ашылуы өтті.

Балалармен кездесуге келген ертегі кейіпкерлері кішкентай оқырмандарды көрмедегі ғажайып кітаптармен таныстырды. 

Muzikl

Saule DosjanАпталық аясында кітапхана Facebook парақшасында заманауи қазақстандық жазушылармен тікелей эфирлер сериясын және балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау мақсатында онлайн кездесулер ұйымдастырды.лық ауыз әдебиеті, авторлық ертегілер, қызықты сиқырлы әңгімелер, балалар әдебиетінің алтын қорынан алынған шытырман оқиғалы әдебиеттер, сондай-ақ отандық және шетелдік авторлардың заманауи балалар кітаптарын табуға болады.

Еліміздің қайсар әрі тәуелсіз нәзік жанды тұлғаларына арналған жігерлендіріп, шабыт беретін шығармалардың авторы Динара Чайжунусова «Sup

Sham tubi ertegi

er қыз» кітабын жазуға не себеп болғанын және жас оқырмандардың өзіне деген сенімін арттыруға қалай көмектесетіні жайлы әңгімелесе, 30 наурызда кітапхана балалар мен ата-аналарды Super kuz«VITAмир» дүкенінің жаңадан келіп түскен балалар кітаптарына арналған онлайн шолуын тамашалады.
«Меченый» атты терең философиялық астарлы әңгімесінің авторы Игорь Александрович Морозовпен кездесу өтті. «Меченый» кітабы – бұл «балықшы 

Psiholog sovet

мен балық туралы» әңгіме, бірақ, мағынасы мүлдем бөлек. Мұнда қармаққа түсетін балық емес, балықшы. Әңгіме үш тараптан айтылады: автор, балықшы және балық. Кітап мәңгілік құндылықтар – махаббат пен достық, жақсылық 

пен мейірімділік туралы ой қозғайды.
Іс-шаралар аясында педагог-психолог М.М. Давыдованың «Баланың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалай арттыруға болады?» атты онлайн-сұхбаты өтті. Сұхбат барысында тәрбие беру амалдарына баланың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға көмегін тигізетін пайдалы тәжірибелік ұсыныстар мен кеңестер айтылды.

Morozov22 сәуірде белгілі жазушы Сәуле Досжанмен тікелей эфир өтті, оның «Ауылдан шыққан миллионер» кітабы Қазақстанның барлық өңіріндегі жас оқырмандардың сүйікті кітабына, ал кейінірек – еліміздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік кітабына айналды. «Ауылдан шыққан миллионер» – жастарды өздеріне сенуге және қойылған мақсатқа табандылықпен жетуге шабыттандыратын мотивациялық оқиғалар шедеврі.
Шарль Перроның «Золушка» ертегісінің мюзиклінде кішкентай оқырмандарымыз, ән айтып, би билеп, ертегіден үзінді оқыды.

Мерекеміз әлі де жалғасын табады.

   den 1 den 3  den 16 den 14 Morozov5  Vita mir

«Кітаппен жарқын әлемге»: балалар кітабының апталығы

Ned Det Knigi kazЖыл сайын 2 сәуірде дат ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күнінде атап өтілетін Халықаралық Балалар кітабы күні қарсаңында кітапханада Балалар кітабы апталығы өтеді. Апталық аясында кітапхана Facebook парақшасында заманауи қазақстандық жазушылармен тікелей эфирлер сериясын және балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау мақсатында онлайн кездесулер ұйымдастырады.

29 наурызда еліміздің қайсар әрі тәуелсіз нәзік жанды тұлғаларына арналған жігерлендіріп, шабыт беретін шығармалардың авторы Динара Чайжунусова «Super қыз» кітабын жазуға не себеп болғанын және жас оқырмандардың өзіне деген сенімін арттыруға қалай көмектесетіні жайлы әңгімелеп береді.

30 наурызда кітапхана балалар мен ата-аналарды «VITAмир» дүкенінің жаңадан келіп түскен балалар кітаптарына арналған онлайн шолуын тамашалауға шақырады. Бұл – кітап сатылымындағы алдыңғы орында тұрған балалар жазушыларымен сырттай танысуға, балаларға арналған ең танымал кітаптар туралы ақпарат алып, өзіңіз үшін оқуға міндетті ең жақсы кітаптар тізімін жасауға мүмкіндік береді.

31 наурызда «Меченый» атты терең философиялық астарлы әңгімесінің авторы Игорь Александрович Морозовпен кездесу өтеді. «Меченый» кітабы – бұл «балықшы мен балық туралы» әңгіме, бірақ, мағынасы мүлдем бөлек. Мұнда қармаққа түсетін балық емес, балықшы. Әңгіме үш тараптан айтылады: автор, балықшы және балық. Кітап мәңгілік құндылықтар – махаббат пен достық, жақсылық пен мейірімділік туралы ой қозғайды.

1 сәуірде ата-аналарды педагог-психолог М.М. Давыдованың «Баланың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалай арттыруға болады?» атты онлайн-сұхбаты күтеді. Сұхбат барысында Сіздің қоржыныңыздағы тәрбие беру амалдарына баланың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға көмегін тигізетін пайдалы тәжірибелік ұсыныстар мен кеңестер қосылады.

2 сәуірде белгілі жазушы Сәуле Досжанмен тікелей эфир өтеді, оның «Ауылдан шыққан миллионер» кітабы Қазақстанның барлық өңіріндегі жас оқырмандардың сүйікті кітабына, ал кейінірек – еліміздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік кітабына айналды. «Ауылдан шыққан миллионер» – жастарды өздеріне сенуге және қойылған мақсатқа табандылықпен жетуге шабыттандыратын мотивациялық оқиғалар шедеврі.

2 сәуір – Халықаралық Балалар кітабы күнінде «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі жанында Г.Х. Андерсен ертегілерінің желісі бойынша театрландырылған қойылыммен мерекенің салтанатты ашылуы өтеді. Балалармен кездесуге келген ертегі кейіпкерлері кішкентай оқырмандарды көрмедегі ғажайып кітаптармен таныстырады. Көрмеден халық ауыз әдебиеті, авторлық ертегілер, қызықты сиқырлы әңгімелер, балалар әдебиетінің алтын қорынан алынған шытырман оқиғалы әдебиеттер, сондай-ақ отандық және шетелдік авторлардың заманауи балалар кітаптарын табуға болады.

Сонымен қатар, Апталық аясында кітапхана балалар мен ересектерді 30 наурызда Шарль Перроның «Золушка» ертегісінің мюзикліне, 3-4 сәуірде отбасылық клубтағы Г.Х. Андерсеннің ертегілерін дауыстап оқуға және ертегі терапиясы сеанстарына шақырады, олар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоршаған әлеммен қарым-қатынасын жақсартуға және жақындарымен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Балалар кітабы Апталығында балалар мен ата-аналарды, тәрбиешілер мен педагогтарды – кітапхананың барлық пайдаланушыларын кітапхана төрінен көруге қуаныштымыз! Балалар кітабының жарқын әлеміне, сиқырға, жақсы эмоциялар мен жаңа ашуларға толы ерекше атмосфераға бірге енейік!

Байланысшы: Құдайбергенова Н.К.
Тел: 87055412525

"Алабұға аулаған күн" атты облыстық сурет сайысының қорытындысы

Alabuga kon8Alabuga kon1Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі руханият қазынасы. Жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәрбиелеудің баға жетпес құралы. Қайсы бір жағдайларда сөзге қарағанда сурет ойды жеткізудің ерекше жолы. Қылқалам туындылары арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды дәріптеу мақсатында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы 2021 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып оқуға таңдалған кітаптар қатарына енген Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» кітабы желісімен облыстық сурет байқауын ұйымдастырды. Байқауға 8-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысып, Өскемен, Семей қалалары, Alabuga kon2Alabuga kon4Тарбағатай, Күршім, Катон, Марқакөл аудандары мен қала маңындағы ауыл-аймақ оқушылары аса белсенділік танытты.
Байқау нәтижесі: 8-10 жас аралығындағы балалар арасында бірінші орын – Күршім ауданы №1 Марқакөл орта мектебінің 4 сынып оқушысы Қалиолдаева Инабат, екінші орын – Өскемен қаласы, №29 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Сазонов Константин, үшінші орын – №1 Марқакөл орта мектебі, 3 сынып оқушысы Мұратбек Інжу.
Alabuga kon3Alabuga kon511-15 жас аралығындағы балалар арасында: бірінші орын – Семей қ, А. Ибраев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Арғынова Баян, екінші орындар – Тарбағатай ауданы, Балалар өнер мектебінің 7 сынып оқушысы Айдарбекова Ақерке және Семей қаласы, А. Ибраев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Шайзоллаев Бекзат, үшінші орындар – Семей қаласы, А.Ибраев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Ахметсафина Ажар және Өскемен қаласы, №45 орта бейіндік мектебінің 8 сынып оқушысы Тұрғанбаева Alabuga kon7Alabuga kon6Айымгүл.
Сурет байқауына белсене қатысқан оқушыларға А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы зор алғысын білдіре отырып, өз елінің болашағына үлес қосатын білімді де парасатты азамат болуларын тілейді!

 

#БірелБіркітап #Сайыс #СуретСайысы #АлабұғаАулағанКүн #ТолымбекӘбдірайым