Біздің балалар әлемі - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы

Жаңа кітаптар!!!

Алақай, Балақай!
Кітапханамыздың қорын сендерге арналған көпп жаңа кітаптармен толықтырдық
Келіңдер, қызыққа толы кітап кейіпкерлерінің өмірімен бірге танысайық
 
Jana kitap3 Jana kitap Jana kitap1 Jana kitap2

Жазғы кітапхана

Құрметті біздің кішкентай оқырмандар! Кітапхана алаңында жаздық ашық аспан астындағы кітапхана өз жұмысын бастады. Жазғы кітапханада өздеріңді қызықтыратын кітап, журналдарыңды оқып, таза ауада үстел үсті ойындарын ойнап, сурет салып, қолөнермен шұғылдана аласыңдар. Келіңдер, жазғы кітапхана сіздерді күтеді!

9 kumalak Shahmat1 Leto kniga2  Leto s knigoi Leto bibl7 Leto bibl5

#ЖазғыКітапхана #ПушкинКітапханасы #ЖазКітап #ЖаздаКітапОқимыз #БіргеОқимыз #Үйірмелер 

 

Кітапханаға балалар кітабын сыйла

Aksia podari knigi kaz

Бу-ын-ға бө-ліп о-қи-мын

Byunga bolip okiukЕртегінің тәрбиелік және көркемдік-эстетикалық мәні зор. Ертегі баланың ой-қиялын ұштайды. Ал баланың кітап оқуға деген қызығушылығы әріп үйренуден басталады. Әріп танитын балаға сөздерді буынға бөліп оқыту қажет. Буынға бөлуді үйренген оқушы сауатты жазады, сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата алады. Осы орайда төмендегі "Бу-ын-ға бө-ліп о-қи-мын" топтамасының көмегі ерекше. Бұл топтаманы біздің кітапханадан келіп алуларыңызға болады.

#pushkinlibrary #Пушкинкітапханасы #білімбөлімі #буынғабөліпоқу

"Ұлан" газеті № 17/2021 жыл

baifaniҚұрметті оқырман қауым! Сендерге "Ұлан" газетінің кезекті санын ұсынамыз!
Жаңа газеттің санында:
- Газеттің ең бірінші бетінде ағылшын тілінде кітап жазып жүрген он жасар Байжанмен танысасыңдар.
"Ата-ана бұрышы" айдарынан. "Булинг: ата-ана баласына қалай көмектесе алады?"
Назым Сапарованың мақаласында - ата-аналарыңмен бірге буллингтің басталуы, себебі мен ата-ана баласына қалай көмектесе алатыны туралы психоаналитик Қарлыға Бүгенбай әңгімесімен танысыңдар .

Балалар, "Ұлан" газетінде қызықты әңгімелер, өлеңдер, сканворд, қуанышты жаңалықтарды таба аласыңдар.

Балалар, егер "Ұлан" газеті ұнаса, онда кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы оқи аласыңдар. Кітапханаға да келіп оқуға болады.Біз сендерден тапсырыстар күтеміз.

http://pushkinlibrary.kz/kz/servise/seddkz.html
#ПушкинКітапханасы #PushkinLibrary #БізБіргеміз #БіргеОқимыз #БілімОрталы
#ЗалСпециализированныхУслуг #БезбарьернаяБиблиотека
#Ұлангазеті #Робототехника #ПсихоаналитикҚарлығаБүгенбай #Сканворд