Біздің балалар әлемі - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы

Мен мектепке дайынмын

Podgotovka k shkole2Podgotovka k shkoleКітапханада кішкентай оқырмандарға арналған мектепке дайындық үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда.
Балақандар ата-анасымен осында келіп, алғашқы білімдерін жетілдіре алады. Балалармен арнайы ойын - сабақтары өткізіледі, әр баланың қабілеті мен дамуы ескеріле отырып жеке тапсырмалар беріледі.
Ата-аналар қажетті кітап туралы ақыл-кеңес, ұсыныстар ала алады. Үйірмеге асығыңыздар!!!

Podgotovka kaz 2021

 #pushkinlibrary #мектепкедайындық

 

«ORDAGEN» – БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА

OrdagenБалалар әдебиетін қолдау жылына байланысты 13 қазан күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы https://www.instagram.com/ordagen.kz/ парақшасында «Ordagen» балаларға арналған ертегілер жобасының жетекшісі Танен Парасат Жамағатұлымен онлайн-кездесу өткізеді.
Ordagen – балаларға арналған ертегілерді қамтитын, сол ертегілердің аудио нұсқаларын әрі мультфильмдерін шығаратын танымдық жоба.
Ғылымда, білімде, қоғамда болып жатқан өзгерістерді түгелдей ордаген ертегілері арқылы жеткізілген.

“Ordagen” яғни "орда" және "ген" деген сөздерден туған. Мұндағы "gen", яғни "generation" деген “жасөспірім” деген сөз.

Мұндағы ертегілер – заманауи. Бұрынғы аюлар мен қасқырлар жоқ. Мұнда Instagram, Tik-tok, телефон, macbook, роботтар бар. 
Жобада 500-ден астам ертегі бар. Оның 100-і өзге ұлттардың үздік деген ертегілерінен аударылған, тағы 100-і фэнтези жанрында, 300-ден астамы заманауи, еш жерде жоқ ертегілер. Ертегілер қатары күннен-күнге толығуда.
«Ordagen» жобасында қазақ, қырғыз, өзбек тіпті Африка, Оңтүстік, Солтүстік Американың ертегілерін де кездестіре аласыз. Барлықтарыңызды онлайн кездесуде тосамыз!

Журнал "Айгөлек" №8/2021

Aigolek09Журнал "Айгөлек" №8/2021
Қадірлі оқырман қауым!
Кішкентай балаларға ой-сана, қызықты, талап талпынысқа толы "Айгөлек" журналын ұсынамыз.

Балалар, сіздердің назарларыңызға "Ұлылр ұлағаты" айдарынан ғалым, профессор Әмен Әзиевтің "Қазақ даласының батыры" мақаласын ұсынамыз.

Жауырыны жерге тимеген, атақты балуан туралы жазылған еңбектер онша көп болмаса да, баршылық. Солардың ішінде жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың "Қажымұқан" повесі (1951), ғалым М. Танекеевтің "Қажымұқан" атты зерттемесі (1964) елеулі орын алады. Батырдың бастапқы аты Мұқан екен. Мұқан атамызға кезінде "Қажы" деген атақ қай елінде, не себептен берілгенін осы мақаланы оқып, біліп жүресіздер.

Алып күштің иесі ғажап цирк актёрі де еді. Ол Ұлы Отан соғысы кезінде елден түскен 100 мың сом қаржыны қазақ батыры Амангелді Имановтың есімімен аталатын ұшақ жасауға ұсынды. 

Қымбатты балалар, Қажымұқан атамыздың өмір баянымен танысып, Мұқан атамызды үлгі тұтам десеңіздер, біздің кітапханада Қалмақан Әбдіқадыровтың "Қажымұқан" повесін алып оқуға шақырамыз!
Осымен қатар "Айгөлек" журналында көптеген мақал-мәтелдер, өлеңдер, сканворд, қызықтыратын ғажап ертегілер оқисыздар.

Балалар, "Айгөлек" журналы қызықтыратын болса, кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы да оқи аласыздар. Біз сіздерді күтеміз!

 
 
 

Журнал "Айтшы, әжетай"

Ajetai4Журнал "Айтшы, әжетай"
Кішкентай бүлдіршіндерге арналған "Айтшы, әжетай" мәдени-танымдық журналын ұсынамыз!
Осы журналда оқитындарыңыз өте маңызды, балалар.
Оқушылар қаламынан шыққан әңгімелер, өлеңдер, қызықты деректер оқып,"Айтшы, әжетай" журналының сөзжұмбағын, ребус-сканвордын шешіп, логикалық сұрақтарға жауап беріп миға жаттығу жасауға болады, балақайлар!
Кітапханаға келіп, газет, журнал, кітап алып оқуға болады! Біз де сіздерді күтеміз, бүлдіршіндер!
Балалар, сіздерге арналған әртүрлі қызық ертегі-жұмбақтар мен өлеңдерге толы газет-журналдар, кітаптар бар біздің кітапханада, оқуға асығыңыздар!

Айтшы, әжетай

Aitsu ajetaiAitsu ajetai2Журнал "Айтшы, әжетай"
Кішкентай бүлдіршіндерге арналған "Айтшы, әжетай" мәдени-танымдық журналын ұсынамыз!
Осы журналда оқитындарыңыз өте маңызды, балалар.
Оқушылар қаламынан шыққан әңгімелер, өлеңдер, қызықты деректерді оқып, "Айтшы, әжетай" журналының сөзжұмбағын, ребус-сканвордын шешіп, логикалық сұрақтарға жауап беріп миға жаттығу жасауға болады, балақайлар!
Кітапханаға келіп, газет, журнал, кітап алып оқуға болады! Біз де сіздерді күтеміз, бүлдіршіндер!
Балалар, сіздерге арналған әртүрлі қызық ертегі-жұмбақтар мен өлеңдерге толы газет-журналдар, кітаптар бар біздің кітапханада, оқуға асығыңыздар!