А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы үшін 24 желтоқсан күні өте қуанышты, әсерге толы күн болды десек болады. Себебі, дәл осы күні қазақ әдебиетінің өскелең бұтағы - балалар әдебиетінің жаңа буыны, «Жоғалған ұйқы» атты балаларға арналған кітаптың авторы - балалар әдебиетінің жанашыры, филолог, ұстаз, аудармашы, жазушы әрі ақын, жас қаламгер Нұғыманова Кәмшат Әбілғазықызымен кездесу кеші өтті.
#ОтбасымменБіргеОқимын#pushkinlibrary#БалаларЖазушысы#ОтбасылықСайыс#ЖазушыменКездесу#БалаларӘдебиетіЖылы#КітапОқуКөшбасшысы#НұғымановаКамшатӘбілғазықызы
SUPER Б’АЛАҚАЙ онлайн жобасының кезекті қатысушысы - Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Глубокое ауданыбойынша білім бөлімінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінің" 3 сынып оқушысы Пазылбекұлы Ералы. Ералы 3 жасында кітапқа деген қызығушылығы артып, 4 жасында кітапты мүдірмей оқып, айналасындағыларды таң қалдырды. 5 жасында өз жанынан құрастырып, өлең шығара бастады. Ол спорт үйірмелеріне қатысып, өзінің спорт шебері екенін де танытып жүр. Өзінің осындай қабілеттерімен өз қатарларынан ерекшеленген Ералыны супер балақай деп айтуға толық болады.
SUPER Б’АЛАҚАЙ онлайн жобасының кезекті қатысушысы - Рамина Дәуренқызы 5 жаста. Раминаның мінезі ашық, жүрегі кең – пейілді, ақкөңіл,салмақты сабырлы, мейірімі мол, достарының арасында беделі бар бала. Балабақша шараларына белсенді қатысып, оған аса жауапкершілікпен қарайды. Рамина ертегі, аңыз, тұрмыс-салт, тарихқа байланысты мағлұматтарды зор көңілмен қызыға тыңдағанды ұнатады. Рамина көпбалалы отбасынан шыққан, ол бақшадан тыс уақытта ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Әсіресе тәтті тоқаш, кекс, печенье пісіруді ұнатады. Өзге адамдармен тез тіл табысады. Қамқор, көмегі қажет болған адамдарға қол ұшын беруге даяр тұрады. Ақкөңіл, үнемі күліп, көңілді жүреді. Ол өз ойын, пікірін ашық, анық жеткізеді. Рамина сурет салғанды қатты ұнатады, әдемілікке жаны құмар.
«Отбасыммен бірге оқимын» отбасылық кітап оқу сайысына қатысушылар Томантаев Дәурен қызы Дәурен Раминамен.